"Ешқайда барудың қажеті жоқ". Смайылов қарызды банктер есептеп, шегеретінін айтты

27 Маусым 2019, 14:30
3717
Бөлісу:
"Ешқайда барудың қажеті жоқ". Смайылов қарызды банктер есептеп, шегеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен өмірлік қиын жағдайға тап болған қащақстандықтардың қарызын өтеу тапсырылды. Осы орайда Үкімет мүшелері аталған қолдауды алушылар қалай анықталатынын, алдын ала саны қанша екенін айтты.


"Ешқайда барудың қажеті жоқ. Несие алған адамдардың ақпараты банктерде бар. Әлеуметтік топтарға кіретін адамдардың тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерек базасында орналасқан. Сондықтан дерекқорлардағы мәліметтерді бір-бірімен ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасаймыз. Адамдарға бір жаққа барудың ешқандай қажеті жоқ. Банктерде барлық мәлімет бар",- деп сендірді қаржы министрі Үкімет үйінің кулуарында.

Оның сөзінше әр банкте, шағын қаржы ұйымдарында әлеуметтік топқа кіретін адамдардың нақты тізімдері бар. Министр жалпы борышқа несиенің өзі, сыйықы және айыппұлдар мен өсімақы кіретінін ескертті.

Ал, премьер-министрдің орынбасары аталған санаттар бойынша 933 мың азамат барын, олардың толық мәліметтері тіркелгенін атап өтті.

"Сондықтан екінші деңгейлі банктермен кездесеміз. Әрине, 933 мыңның бәрі кредит алған жоқ. Алғандары ғана белгілі болады. Алдын ала ақпарат бойынша мұндай азаматтардың 443 мың болып отыр",- деді Әбдіқалықова.



Өзгелердің жаңалығы