Бас жаңалықтар
Есепші Алматы колледжінің есепшотынан 15 млн теңге ұрлаған
25 Мамыр 2020, 09:46 186

Есепші Алматы колледжінің есепшотынан 15 млн теңге ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы колледжінің шотынан 15 миллион теңге ұрлаған есепші жеті жылға сотталды, деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қалалық колледждердің бірінің бұрынғы есепшісі үш жылға мерзімге қаржылық қызметтер есепші, аудитор немесе басқа лауазымдарды атқару құқығынан шектетіліп, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот 2016 жылдың қаңтарында сотталушы есепші ретінде өзінің компьютерінің электрондық кілтімен интернет-банкинг құрғанын анықтады. Интернет-банкинг көмегімен ол колледждегі қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударп отырған. Өз іс-әрекетімен ол колледжге 15 миллион 12 мың 573 теңге көлемінде залал келтірген.

Сот барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...