Есеп комитетінде Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

14 Желтоқсан 2019, 17:47
5331
Бөлісу:
Есеп комитетінде Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есеп комитетінде Ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шарада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова ұжымды Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң жаңа егемен мемлекеттің пайда болуын бекітті. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 28 жыл толады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы заңнамалық актіні қабылдаудың зор маңыздылығын атап өтіп, "1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем ұлттарының шоқжұлдызында жаңа жұлдыз - Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл күні біз өзіміздің Қазақстандық Жолымызды бастадық. Біз ұлы миссияны жүзеге асырдық – Тәуелсіздіктің алғашқы қадамын жасадық" деген болатын, - деді Есеп комитетінің басшысы.

Іс-шара барысында Н. Годунова Есеп комитетінің еңбек сіңірген қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы президентінің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова "Құрмет" орденімен, Заң бөлімінің басшысы Мейрамбек Ахметов "Ерен еңбегі үшін" медалімен, Мемлекеттік басқаруға және әлеуметтік салаға аудит жүргізу бөлімі басшысының орынбасары – мемлекеттік аудитор Динара Көшербаева Қазақстан Республикасының "Құрмет" грамотасымен марапатталды.

Есеп комитетінің төрайымы Есеп комитетінің және "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" ШЖҚ РМК-нің қызметкерлеріне салтанатты түрде ведомстволық наградаларды табыс етті. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органының функцияларын іске асырудың жаңа нысандарын, әдістері мен тәсілдерін дамыту мен енгізудегі жетістіктері үшін II дәрежелі "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі" төс белгілері Дәулет Асқаровқа, Мейіржан Медетбековке, Сағынбек Сейтқазиевке тапсырылды. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлін нығайтуға ықпал ететін жетістіктері үшін, қаржылық бұзушылықтардың алдын алудағы, жолын кесудегі және анықтаудағы белсенді қызмет үшін  ІІІ дәрежелі "Қаржы сақшысы" медальдары Асқат Байзақов, Сәбит Мұқановқа берілді. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері" төс белгісіне Есеп комитетінің мүшесі Нұрлан Нұржанов, Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі басшысының орынбасары Гүлсана Дәрібаева ие болды. Есеп комитеті төрайымының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен Гүлсім Әбішева,Фариза Жұматаева, Гүлсұлұ Дүйсенова, Іңкәр Нұрсәлімова, Бағлан Зияев, Эльмира Қарабалаева және Дидар Сәдуақасов марапатталды.

Сондай-ақ, Есеп комитеті төрайымының бұйрығымен ІІІ дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалімен, І және ІІ дәрежелі "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі" және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгілерімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерінің қызметкерлері марапатталды.

Іс-шара барысында Есеп комитетінің мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлері Саят Мұратбеков пен Айбек Ақпейісов мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің антын салтанатты түрде қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы