Есеп комитеті сырттан қарыз алып, оны тиімсіз жұмсағандарды жауапкершілікке тартуды ұсынды

21 Маусым 2021, 12:54
1569
Бөлісу:
Есеп комитеті сырттан қарыз алып, оны тиімсіз жұмсағандарды жауапкершілікке тартуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова сыртқы қарыздарды тиімсіз пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілікті енгізуді ұсынды.

2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы COVID-19 пандемиясынан туындаған қатаң шектеу іс-шараларымен және мұнай бағасының рекордтық төмендеуінен сипатталатын дағдарыс жағдайларында жүзеге асырылды. Алайда, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған шаралардың арқасында Үкімет Қазақстан экономикасының елеулі құлдырауының алдын алуға және сыртқы күйзелістердің салдарын азайтуға қол жеткізді. Ұлттық қор ел үшін «қауіпсіздік жастығы» рөлін тағы да орындады. Соған қарамастан, әлемдік экономикадағы түбегейлі өзгеріс жағдайында шикізаттық кірістердің жаңа көздерін іздеу және Ұлттық қор қаражаттарын басқару тәсілдерін қайта қарау қажет екендігі бәріне айқын. 2020 жылғы қордан түскен қаражаттың 96% -ы жұмсалды, - деді Есеп комитетінің басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, мұнай-газ секторына тәуелділік төлем балансының нашарлау қаупін және ұлттық валютаның тұрақтылығын тудырады.

Кәсіпкерлікті, әсіресе өнеркәсіпті қолдауға айтарлықтай күш салу керек. Өсіп келе жатқан мемлекеттік борыш елдегі макроэкономикалық тұрақтылық тәуекелдерін туғызады. Бұған қарсы тұратын қауқар әлі бар. Бірақ қабылданған борыштық міндеттемелер бойынша біздің нақты тұжырымдалған өз есебіміз болғанын, борышты қашан, қандай көздерден және қандай көлемде өтеу жоспарлануын қалар едік. Және де бір-үш жылға емес, кем дегенде 10 жылға есептелуі керек. Бұл жерде айқындық пен ашықтық қажет, - деді Наталья Годунова.

Есеп комитетінің төрайымы мемлекеттік органдардың ағымдағы қызметін жүзеге асыру үшін сыртқы қаржыландыру көздерін тарту тәжірибесін алып тастау қажет деп санайды.

Бұл міндеттерді орындау үшін біздің жеке қаржылық және адами ресурстарымыз жеткілікті. Сыртқы қарыздарды қисынсыз тартқаны және пайдаланғаны, сондай-ақ олардың уақтылы игерілмегендігі, кейде жойылғандығы үшін жеке жауапкершілікті күшейту қажет, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы