Есеп комитеті: Экономикалық шешімдерді қабылдау жаңа деңгейде қамтамасыз етіледі

22 Маусым 2020, 23:00
1260
Бөлісу:
Есеп комитеті: Экономикалық шешімдерді қабылдау жаңа деңгейде қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есеп комитеті Төрағасының міндетін атқарушы А.М. Теңгебаевтың 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі бойынша ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі.

Үкіметтің 2019 жылғы есебі толық көлемде орындалды. Қаражатты игерудің жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Жекелеген бұзушылықтар іс жүзінде жойылды. Сондықтан қазір Үкіметпен бірлесіп, біз мемлекеттік ресурстардың уақтылы игерілуін ғана емес, сонымен бірге нәтижелі жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басқа да мәселелерді сапалы шешуге кірістік. Мұндай мәселелер көп. Олар: бюджет процесін жетілдірумен және жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін бөлінген қаражаттың әсерін бағалау әдіснамасын құрумен байланысты - деді ол.

Оның айтуына қарағанда тиісті ұсынымдар Есеп комитетінің қорытындысында берілді. 

Депутаттарға олардың көпшілігін қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, Есеп комитеті берген нұсқамаларды әкімшілердің орындауына Үкімет тарапынан қатаң бақылауға алынғаны қажет. Сонда қателермен жұмыс істеуді және болашақта оларды алдын алуды ескере отырып, экономикалық шешімдерді қабылдау жаңа сапалы деңгейде қамтамасыз етілетін болады - деді Теңгебаев.
Өзгелердің жаңалығы