Бас жаңалықтар
Әйгілі ақын Есенғали Раушанов мемлекетаралық сыйлықпен марапатталды
15 Мамыр 2019, 22:07 563

Әйгілі ақын Есенғали Раушанов мемлекетаралық сыйлықпен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көрнекті ақын, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының мемлекетаралық сыйлығымен марапатталды.

"Түрікменстан астанасы Ашғабат қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдердің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының XIV форумы аясында мамырдың 15-і күні көрнекті ақын, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының «Достастық жұлдыздары» («Звезды Содружества») мемлекетаралық сыйлығымен марапатталды" - делінген Сыйлық құрылтайшысы, ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры таратхан мәліметте.

Аталған сыйлықтың табыс етілуі Е.Раушановтың мәдениет және өнер саласындағы жасампаз еңбегі мен жетістіктерін ТМД елдерінің жоғары бағалайтынын көрсетеді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...