Ержанның анасы: "Ержан кешірші, дауысымыз жетпей қалды" дегендер көп

26 Қараша 2019, 16:26
7000
Бөлісу:
Ержанның анасы: "Ержан кешірші, дауысымыз жетпей қалды" дегендер көп

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ән айтып болған соң қасымдағы төрт қыздың қолын қысып, ішімнен дұғамды айтып отырдым. Бұл туралы әнші Ержан Максим Алматыда өткен баспасөз мәжілісі кезінде айтты.

"Junior Eurovision Song Contest" ән  байқауының жүлдегері бүгін журналистермен кездесіп, байқау кезіндегі қызықты жайттарымен бөлісті.

 

Байқау кезінде қатты қиыншылықтар болған жоқ. Дегенмен сахна алдында қобалжу болды. Әнді монитор құлаққабын киіп айттым. Өйткені акустикамен түк естілмейді. Сол құлаққап  маған симай қалды. Кейін оны скотчпен жабыстыруға тура келді,-дейді жас әнші. 

 

Сонымен қатар, ол екінші орын алып қалғанын еш өкінбейтінін де жеткізді.

 

Екінші орында жаман дәреже емес. Ештеңеге өкінбедім, өйткені бұған дейін де басқа да қиындықтар өтті. Қазақ елінің дауыс беріп, екінші орынға жеткізгені үшін алғысым шексіз,-дейді Е. Максим. 

 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта да өзін әншілік өнерде дамытып, өзге де байқауларға қатысқысы келетінін айтты.

 

Осы байқауда есімде қалған ерекше қызықты жайттың бірі, ән айып сахна сыртына шыққанда жиналған халықтың "Қазақстан!" деп айқайлағаны болды. Бұл кезде кеудемді қуаныш кернеді,-дейді әнші.

 

Әншінің анасы Динара Бисембина Ержан күллі Қазақстанның үмітін ақтады деген ойда.

 

Барлығын өздеріңіз көрдіңіздер. Ержан өзінің бар күш-жігерін салып, жоғары деңгейде өнер көрсетті деп ойлаймын. Әлемдік сахнаға шығуға мүмкіндік берген "Хабар" телеарнасына және демеушілік жасаған барлық ұйымдарға алғысымды айтамын. Әнді жазған шығармашылық иелеріне де алғысым шексіз. Сонымен қатар бізбен бірге қобалжып, дауыс беріп, қолдау көрсеткен халыққа мың алғыс. Ержан тек біздің ғана емес, халықтың баласына айналғанына қуаныштымын,-деді Д. Бисембина. 

 

Сонымен қатар, ол жас әнші аз джауыс жинап қалды деп халыққа кіна артпайтынын жеткізді.

 

Халыққа ешқандай кіна артпаймыз. Біреулер "дауысымыз кетпей қалды" десе, енді біреулері «Ержан кешірші, дауысымыз жетпей қалды» деп жатыр. Әр байқаудың өз ережесі бар, оған түсіністікпен қарау керек. Бастысы Ержан әнін жоғары деңгейде орындап шықты. Сондықтан шетелдіктердің барлығы "Қазақстан" деп ерекше құрмет көрсетті. Байқауға Қазақстанның Польшадағы елшісі де келді. Елшімен сөйлесе отырып алдағы уақытта Польшада концерт беруді жоспарлап отырмыз. Ол елдің халқы Ержанға көп қолдау көрсетті, әлі күнге дейін ютуб каналында қолдау көрсетіп жазып жатыр,-дейді әншінің анасы.

 

"Хабар" телеарнасының директоры Динара Бисембина халық аз дауыс берді екен деп өкінуге болмайтынын жеткізді. 

 

Ержан қазылар алқасының жоғары дауысына ие болды, ең бастысы осы шығар. Алдағы уақытта да осындай халықаралық жарыстарға еліміздің дарынды жастарын қатыстыра береміз. Бұл біз үшін үлкен жетістік,-дейді  Д.Бисембина.

 

Айта кетсек, Ержан Максим 24 қараша күні Польшаның Гливице қаласында өткен "Junior Eurovision-2019" халықаралық ән байқауында екінші орын алған болатын. 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын "Eurovision" аналогында елімізді биыл Ержан Максим таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы