Бас жаңалықтар
Ержан Қазыхан Тереза Рибейромен кездесті
16 Қыркүйек 2021, 21:21 244

Ержан Қазыхан Тереза Рибейромен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформалар мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы айтты.

Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ еркіндігі, азаматтық қоғамды қолдау, сот реформасы, әйелдер мен мүгедектердің құқықтарын ілгерілету жөніндегі жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы серіктестік қатынастар жақсы дамып келеді, сондай-ақ, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қалыптасуда.



Фото: дереккөз
Загрузка...