Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды

5 Шілде 2019, 11:22
6203
Бөлісу:
Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы