Ержан Бабақұмаров: Алматыда эпиджағдай тұрақты

7 Қазан 2021, 13:22
5533
Бөлісу:
Ержан Бабақұмаров: Алматыда эпиджағдай тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті.

Ол сөз басында Орталық коммуникациялар алаңына 9 жыл толуымен құттықтады.

5 қазанда Орталық коммуникациялар алаңы 9 жылдық туған күнін атап өтті. Орталықтың жұмысы журналистердің кәсіби деңгейін көрсетеді. Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз, - деді ол.

Оның айтуынша, Алматыда эпиджағдай тұрақты.

Қазіргі таңда жағдай тұрақтанды. Біз жеткілікті деңгейде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Сол себепті процестер ашық өтуде. Жұмыс жүйесі Мемлекет басшысының стратегиялық міндеттері мен нұсқауына сай жалғасуда. Біз ВАК және Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз байланыстамыз, - дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Ержан Бабақұмаров вакцинация науқанының қалай жүріп жатқанын мәлімдеді.

Вакцина – біз үшін стратегиялық мәселе. Алматы қаласында вакцина науқаны ақпан айында басталған. Біз сол кезде вакцина жүргізу процесінің құрылымын дайындап қойдық. 250 егу пункті дайындалды. Қазіргі таңда 160 пункт жұмыс атқарып жатыр. 1000-нан астам медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала бойынша 237 егу бригадасы қызмет етіп жатыр, - деді ол.

Оның сөзінше, пандемияны төтеп берудің бірден-бір жолы - екпе алу.

Біз вакцина егу науқанының арқасында қала халқы 1,5 айдың ішінде пандемияның кезекті толқынын жеңіп шықты. Пандемияның бірінші және екінші толқынындағы эпидемиологиялық тіркелген жағдайлармен салыстыратын болсақ, вакцинациялау оң нәтиже берген, - дейді Бабақұмаров.

Өзгелердің жаңалығы