«Ертіс» құрамы Қазақстанның төрт дүркін чемпионымен толықты

24 Қаңтар 2019, 09:35
2660
Бөлісу:
«Ертіс» құрамы Қазақстанның төрт дүркін чемпионымен толықты

Астана, BAQ.KZ. Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяспен келісім-шарт жасасқандығы жайлы ақпаратты жариялады. Бұл туралы «Ертіс» ФК баспасөз қызметі хабарлады.

28 жастағы футболшы кәсіби мансабын өз елінде «Индепендьенте Медельин» клубында бастаған. 2009 жылы Колумбияның чемпионы атанып, шетелде өнер көрсете бастады. Қазақстандық футбол сүйер қауым Каньясты «Шахтёр» және «Астана» сапындағы ойыны арқылы біледі. Аталмыш клубтардың сапында төрт рет Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы атанған. 2012 жылы «Шахтёрде» алтын медаль ұтып алса, 2014, 2015, 2016 жылдары «Астана» сапында чемпионатта жеңіске жетті.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Ордабасы» ойыншысы бола тұра ел біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Бұдан бөлек, «Транзит» (Латвия), «Сибирь» (Ресей), «Ягеллония» (Польша) және «АПОЭЛ» (Кипр) командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымда Беларусь елінің «Шахтёр» (Солигорск) ұжымының намысын қорғаған еді.


Өзгелердің жаңалығы