Бас жаңалықтар
Ертіс өзені көтеріліп, адамдар эвакуацияланды
14 Қаңтар 2020, 16:20 252

Ертіс өзені көтеріліп, адамдар эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің шығысындағы Ертіс өзені көтерілген. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Барат Тұзақбаев айтты.

Ертіс өзенінде мұзқатқы жүруіне және мұз кептелісінің орын алуына байланысты өзендегі судың деңгейі көтерілді. Осының салдарынан Восточный, Мирный кенттерінің және Полковничный аралындағы тұрғын үйдің ауласына су кірді. Осы үйдің тұрғындары 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуациялау пунктіне эвакуацияланды, - дейді Барат Тұзақбаев.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының ТЖД және полиция қызметкерлері аталған елді мекендерде тұратын тұрғындарды су басу қаупі туралы алдын ала хабардар еткен. 

Су тасқыны жағдайы кезінде алғашқы іс-әрекеттер бойынша нұсқаулық жүргізді. Сонымен қатар, құтқарушылар өзен жағасында тәулік бойы бақылау бекеттерін қою арқылы тұрақты мониторинг жүргізеді. Азық-түлікпен қамтамасыз етілген алты эвакуациялау пункті ұйымдастырылды. ТЖ департаметінде азаматтық қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды, - деді комитет төрағасының орынбасары.

Қазір Ертіс өзенінің су деңгейі төмендеуде екен. 455 см сыни белгідегі судың нақты деңгей 445 см құрайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...