«Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды

19 Сәуір 2021, 10:57
1540
Бөлісу:
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 сәуір 8 сағат 30 минутта Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабар таратты.

Ішкі жану мен қатты желге байланысты от үш бағытта таралды. Екі бағыт бойынша қарауылдау, үшінші бағытта сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрттің ауданы шамамен 1000 га құрады. Оның ішінде орманды алқап 300 га құрайды, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Өртті сөндіруге 50 бірлік техника және 206 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 112 дана аспалы бүркігіштер және шартылдақ аспаптар (хлопушка) қолданылды.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде 13 сағат 34 минутта Павлодар облысы ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқармасына табиғи өрттің пайда болуы, атап айтқанда Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі дала орманшылығының орман аумағында № 149,70 кварталдарда құрғақ шөп пен ағаштың жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл аумақ Шарбақты ауылының № 7 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырымда орналасқан.

Алдын ала болжам бойынша, құрғақ шөп пен ағаштар (қарағай) жанғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы