Ертіс өңіріндегі әскери бөлімдерде сақтық шаралары күшейтілді

2 Сәуір 2020, 17:34
1854
Бөлісу:
Ертіс өңіріндегі әскери бөлімдерде сақтық шаралары күшейтілді
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі әскери бөлімдер COVID-19 індетінің таралмауына жол бермеу мақсатында сақтық шараларын күшейтті. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің барлық құрылымдарында дезинфекциялық шаралар күніне бірнеше рет жүргізілетін болды. Тазалық жұмыстарды күшеуті үшін іс-шаралар алгоритмі әзірленген. 

Қазіргі уақытта мамандар мен сарбаздардың барлығы қорғаныс құралдарымен қамтылған. Әскери бөлімнің бақылау-кіру пунктінде медицина маманы кезекшілік атқарып, кіріп-шыққан азаматтардың дене температурасын тексеруде. Бөлім аумағына кіретін және шығатын техника құралдарының барлығы арнайы ерітіндімен зарарсыздандырылады. Сарбаздардың денсаулығына алаңдаушылық білдірген әкімшілік өкілдері бөлмелерді желдету, ылғалды жинау сияқты жұмыстарды жиі өткізетін болды. Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жігіттердің ас мәзіріне де өзгерістер енгізілді. Жастардың иммунитетіне зиян келмес үшін дәрумендерге бай тағамдар әзірленетін болған. 

1717 (1).jpg

Еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Жарияланған төтенше жағдайға орай және көктемгі әскерге шақырудың тоқтағаны белгілі. Біз ата-аналардан бұл жайтқа түсіністікпен қарайды сұраймыз. Жастардың барлығы қауіпсіз жерде. Сарбаздарға және олардың туыстарына алаңдауға негіз жоқ, - дейді ҚР Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің командирі Олег зайцев. 
Айта кетейік, Павлодар қаласында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізуге шамамен 400 адам мен 20 әскери техника жұмылдырылады. Бұл жауапты іс 36803 әскери бөлімінің өкілдеріне жүктелді. Қазіргі уақытта олар соңғы дайындықтарын пысықтауда. 
Өзгелердің жаңалығы