Ертістен бір табын сиырды айдап әкеткен барымташы Ақмолада қолға түсті

14 Қазан 2019, 15:11
3461
Бөлісу:
Ертістен бір табын сиырды айдап әкеткен барымташы Ақмолада қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мал ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицейлер 25 бас сиырды ұрлағандарды ізін суытпай ұстаған.

"9 қазанда полицияға шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жүгінді. 7 қазанда түнгі сағат 02.40-та Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының маңында белгісіз тұлғалар 25 сиырды ұрлап кеткен. Шығын - 6 млн  теңгеден астам. Полицейлер оқиға орнына дереу жетті. Полиция қызметкерлері оқиға болған  жерді, даладағы әрбір ізді қарап, малды қай бағытта айдап әкеткенін анықтады", - дейді департаментте.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері тәулік бойы ұйықтамай, дем алмай жазық даланы аралап жүрген. Нәтижесінде полицейлер Ақмола облысы Ерейментау ауданы Жаңажол ауылының жақын жерде барымташыны ұрланған малмен бірге ұстады. Барлық 25 сиыр аман-есен табылды. 25 жастағы күдікті Жаңажол ауылында ауыл тұрғындарының жылқыларын бағып жүрген адам екендігі анықталды.

1990 және 1970 жылғы барымташылар пайда табу үшін далада қараусыз жүрген сиырларды айдап әкеткен. Бақташысы болмағандықтан, барымташылар малды ұрлап, Ақмола облысына ешқандай кедергісіз әкеткен. Қалған екі күдікті полициядан қашып кете алмады. Ақмола облысының тұрғындарын жедел уәкілдер тез арада ұстады, олардың бірі Павлодарда қолға түсті. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  


Өзгелердің жаңалығы