Павлодарда "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында студенттер жұмысқа орналасты

22 Шілде 2020, 13:27
1586
Бөлісу:
Павлодарда "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында студенттер жұмысқа орналасты

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің Кемеңгер ауылындағы Ertis колледжінің базасында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде Жоғары инновациялық аграрлық колледждің жанында екі жоба жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік бағдарлама арнайы оқу орнының күрделі мәселелерін шешуге сеп болды. Мәселен, колледж жанындағы қыздар жатақханасы мен асхана салынғалы бері жөндеу көрмеген. Енді проблеманың түйіні тарқатылады. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде асхананы күрделі жөндеуден өткізуге 63,3 млн теңге, ал студенттерін үйін қалыпқа келтіруге 56,3 млн теңге бөлінді.

Тағы бір маңызды нысандардың бірі - зертханалық корпус. Оның құрамындағы зертханалар 27 жыл бұрын жабылып, бүгінгі күнге дейін қолданылмаған. Объектіні жөндеп, іске қосуға 97 млн теңге жұмсалмақ.

Жаңартылған зертханада агрономия және ауыл шаруашылығын механизациялау мамандықтарының студенттері үшін тәжірибелік сабақтар. Корпус базасында AgroErtis атты құзыреттік және инновациялар орталығын ашуды жоспарлаудамыз. Ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтарды диагностикалау кабинеттері ашылады. Жобамыздың жүзеге асыру үшін келер жылы "Жас маман" жобасы шеңберінде қосымша қаражат алып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алмақпыз. Осылайша, аграрлық секторға арналған жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды көздейміз, - дейді колледж директоры Серік Жартыбаев.
1315 (2).jpeg

Колледж базасында тәжірибелік кешен толық құрылған соң, Кемеңгер ауылындағы колледж AgroSkills аймақтық алаңына айналмақ. Бұл - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мақсатындағы WorldSkills атты халықаралық қозғалыстың аймақтық үлгідегі алаңы атанбақ.

Қазіргі уақытта бірнеше мердігер ұйым іске кіріскен. Құрылыс жұмыстарының барысын облыстық Білім беру басқармасының мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері мен депутаттар бақылауда.

Айта кетейік, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде 10 колледж студенттері жұмысқа орналасты. Жалақылары айына 85 мың теңге.


Өзгелердің жаңалығы