Ертіс өңірінде құрылысшылар қола дәуірінің артефактілерін тауып алды

5 Тамыз 2020, 15:55
2320
Бөлісу:
Ертіс өңірінде құрылысшылар қола дәуірінің артефактілерін тауып алды

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Железин ауданында су құбырының құрылысы барысында Андронов дәуіріне жататын артефактілер табылды. Алдағы уақытта археологтар қазба жұмыстарын жүргізбек.

Ғалымдардың хабарлауынша, қыш ыдыстар Башмачное ауылдық округінің аумағынан табылған. Margulan Centre ғылыми орталығының қызметкері Әлібек Қабылдиновтың айтуынша, жәдігерлер Андронов мәдениеті кезеңіне жатады. Осы тектес заттар бұған дейін Омбы облысымен шекаралас жерден табылыпты. 
Ыдыс 1-2 метрлік тереңдіктен табылған. Ал заттар арасындағы қашықтық 5-6 метрді құрайды. Бүгінгі таңда қолымызда төрт ыдыс бар. Олардың саны бұдан әлдеқайда көп болған. Жәдігерлерді Г. Потанин атындағы облыстық өлкетану меузейінің қорына тапсырамыз, - дейді Әлібек Қабылдинов.

раскоп.jpeg

Табылған қорымдар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Ғалымдардың айтуынша, Ертіс өңірінде Қола дәуірінен қалған қорымдар мен молалар өте көп. Ал Омбы облысымен шекаралас жерде осы тектес жәдігерлер алғаш рет табылған.

Жәдігерлердің ерекшелігі сол, қыш ыдыстар жақсы сақталған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы жерлерден адам сүйектерінің қалдықтары табылған. Бірақ, құрылысшылар оларды траншеялармен бірге көміп тастаған. Біздің болжамымызша, бірнеше мола зақымданған, - дейді Әлібек Қабылдинов. 

Өзгелердің жаңалығы