Ертіс өңірінде көп балалы отбасылар үшін 143 пәтер сатып алынады

11 Маусым 2019, 14:47
1542
Бөлісу:
Ертіс өңірінде көп балалы отбасылар үшін 143 пәтер сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай баспананы сатып алу үшін 1,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы Павлодар облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Ажмұрат мәлімдеді.

«Бөлінген қаражатқа 143 пәтер сатып алу жоспарлануда. Сәуір айында Ақсу қаласында Астана көшесі, 58 үй мекенжайы бойынша қайта жаңартылған ғимараттан 57 пәтер сатып алынды», - дейді Асқар Ажмұрат.

Сонымен қатар, Ақсу қаласында 28 екіпәтерлі тұрғын үй салынуда. Әр үй 90 шаршы метрлік үш бөлмелі екі пәтерден тұрады.

«Үйлер барлық орталық коммуникациялармен қамтылады. Оның ішінде телефон желісі де тартылады. Тамызда тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 56 көп балалы отбасы өз пәтерлеріне кіре алады», - деп атап өтті Асқар Ажмұрат.

Сондай-ақ көп балалы отбасыларды Ленин кентіндегі қайта жаңартылатын бес қабатты үйге орналастыру жоспарланған. Сараптамадан оң нәтижемен өткен жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. 30 пәтерді сатып алуға 252 миллион теңге қарастырылған.

 

Өзгелердің жаңалығы