Ертіс өңірінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінеді

12 Желтоқсан 2019, 07:23
1610
Бөлісу:
Ертіс өңірінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі жылы білім беру саласына облыс бюджетінен 20 миллиардтан астам қаражат бөлінбек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық мәслихат сессиясында депутаттарға ақпарат жеткізген өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев аталған көрсеткіштің 2019 жылмен салыстырғанда 28%-ға артқанын атады.

Атап айтқанда, облыс мектептерінде 51 мыңнан астам 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінген.

Бұдан басқа, өңірдің 111 мектебін Назарбаев Зияткерлік мектептері үлгісіндегі жиһазбен қамтуға 108,6 млн теңге жолданады. Сонымен бірге, 475 жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды асырауға 1,1 млрд теңге бөлінбек.
"Сарыарқа" және"Затон" мөлтек аудандарында мектеп құрылыстарына, сондай-ақ, Павлодардағы Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің жалғасын салуға, Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылындағы балабақша ғимаратын, Павлодар ауданындағы Кемеңгер бастауыш мектебін қайта жөндеу, Павлодардағы №3 дарынды балаларға арналған гимназиядағы спорт және мәжіліс залын салуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді, - деді Мақсат Тұрлыбаев.

Облыс әкімі Болат Бақауов кішігірім мектептерді оңтайландыру ісін жалғастырудың маңыздылығын атап, оның бюджет қаражатын үнемдеп, білім беру сапасын арттыруға септігін тигізетінін айтты.




Өзгелердің жаңалығы