Ертіс өңірінде 2019 жылы алғашқы үшем дүниеге келді

3 Қаңтар 2019, 13:14
1642
Бөлісу:
Ертіс өңірінде 2019 жылы алғашқы үшем дүниеге келді

Астана, baq.kz. Ұл балалар облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді. бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанованың айтуынша, балалар мен ананың жағдайы жақсы деп бағаланады.

«Бүгін жоспарлы кесарь тіліге арқылы жүктіліктің 34-ші аптасында ота жасалды. Мұндай мерзімде үшем ота арқылы алынады. Жаңа туған сәбилердің салмағы төмен. Шамамен бір келі 100 грамм. Алайда, үшем үшін бұл қалыпты жағдай десе болады. Балақайлардың жағдайы жақсы», - дейді Айман Оспанова.

Бас дәрігер үшем дүниеге келген отбасы екі бала тәрбиелеп отырғанын айтады.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні алты сәби жарық дүние есігін ашқан. Оның үшеуі – қыз, үшеуі – ұл. Бірінші қаңтар күні туған тоғыз баланың төртеуі қыз бала болса, алтауы – ұл бала.

 

Өзгелердің жаңалығы