Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

25 Қаңтар 2021, 14:00
2231
Бөлісу:
Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, яғни 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. 

Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ. Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады, - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы