Бас жаңалықтар
Ертең елордада автобустар жүрмейді
16 Қаңтар 2021, 14:03 197

Ертең елордада автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең ел астанасында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, бұл туралы City Transportation Systems өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Жексенбі күні, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - делінген жазбада.

Сондай-ақ компания елордалықтарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.

⠀Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді, - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, елорда қайта «қызыл аймаққа» енгені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...