Бас жаңалықтар
Ертең елордада №28 көшесімен қатынайтын барлық бағдарлар қозғалысы уақытша шектеледі
05 Сәуiр 2019, 10:18 534

Ертең елордада №28 көшесімен қатынайтын барлық бағдарлар қозғалысы уақытша шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №28 көше арқылы қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жол 6 сәуірден жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«№ 46 бағдар бастапқы «Қарасу көшесі» аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Одан әрі қоғамдық көлік солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылы арқылы  соңғы «Арнау Т/К» аялдамасына жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қатынайтын болады», - деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясында.

№ 70 бағдар бастапқы «Азамат» шағынмаркеті» аялдамасынан Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз қатынайды. Одан әрі автобус солға бұрылып, Ұлы Дала даңғылының бойымен соңғы «Арнау Т/К» аялдамасына дейін жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта да аталған сызба бойынша жүретін болады.



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық