Ертең еліміздің бірқатар өңірінде 43 градус ыстық болады

25 Шілде 2021, 19:47
2118
Бөлісу:
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде 43 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің синоптиктері 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет. 

Күндіз 26 шілдеде Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық, кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстіктен жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының кей жерінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.  

Павлодар облысының кей жерінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с. 

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-43 градус қатты ыстық болжануда. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шымкент қаласында 26 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. 


Өзгелердің жаңалығы