Ертең еліміздің бірқатар облысында дауыл болуы мүмкін

10 Маусым 2021, 20:16
876
Бөлісу:
Ертең еліміздің бірқатар облысында дауыл болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 маусымда еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қостанай облысында кей жерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерде 15-20 м / с-ге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ге жетеді. Бесқарағай аймағында өрт қаупі өте жоғары болады деп күтілуде. Күндіз Өскеменде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Семейде күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Ақмола облысында найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерде 15-20 м/с-ге жетеді. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түстен кейін оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ.

Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Кейбір жерде төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с болады. Алматыда найзағай ойнайды деп болжанды.

Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.  

Маңғыстау облысында кей жерде найзағай күтіледі. Түнде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы