Ертең Қызылордада 41 градус ыстық болады

6 Шілде 2020, 21:11
1451
Бөлісу:
Ертең Қызылордада 41 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша 07 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде найжағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

7 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.       

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Сондай-ақ, 7-9 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай. Солтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық күтіледі.

7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында да 7 шілдеде найзағай күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Өзгелердің жаңалығы