Ертең Тараз қаласында «Қаһарман ұлт» шеруі өтеді

8 Мамыр 2019, 22:45
2083
Бөлісу:
Ертең Тараз қаласында «Қаһарман ұлт» шеруі өтеді

Тараз қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Тараз қаласында болатын Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Қаһарман ұлт» шеруі бейбіт жағдайда өтуі керек. 

Ел тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктеріміз, ынтымағымыз бен бірлігіміз, халық тыныштығы лайықты бағалануы қашаннан маңызды. Ал жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу аға буын өкілдерінің басты міндеті болып қала береді. 

Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында сөз болды. 

«Ұлы Жеңіс күнін ауқымды түрде атап өту үшін Жамбыл облысында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Әлбетте, Жеңіс көп шығынмен келді. Адамзат қоғамын фашизм езгісінен қорғап қалған кешегі аталарымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек. Сондықтан 9 мамыр күні өтетін «Қаһарман ұлт» шеруі – бейбіт шеру болуы тиіс. Шеруге ауған соғысы ардагерлері ұйымының мүшелері де атсалысады», – деді Жамбыл облыстық және Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері ұйымының жетекшісі Дүкенбай Сайлаубекұлы. 

Жамбыл облысық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтың айтуынша, Жеңіс күні мерекесін жоғары деңгейде атап өту – ержүрек аталарымыздың ерлігіне тағзым ету. 

«Қазақстаннан майданға 1 800 000 адам аттанған екен. Ал өңірімізден 105 мың азамат соғысқа қатысқан. Қазір ортамызда көзі тірі 75 ардагер қалды. Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері сол майдангерлердің үйлеріне барып, қолдарынан келгенше көмектерін көрсетіп отыр», – деді қария.

Өзгелердің жаңалығы