Ертең Семейде экологиялық акция жалғасын табады

9 Тамыз 2019, 21:14
1371
Бөлісу:
Ертең Семейде экологиялық акция жалғасын табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде ертең «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтеді. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Осыдан біраз уақыт бұрын экологиялық акцияның қала бойынша қазан айының соңына дейін жалғасатынын жазған болатынбыз.

Сенбілік 10 тамыз күні сағат 10:00-де басталады.

Жиналу орны:

– «Бейбітшілік» аралы;

– Ертіс өзенінің сол жағалауы, Нахаловка кенті (жаңа көпір маңы);

– Ертіс өзенінің оң жағалауы, Шәкәрім университеті (жаңа көпір маңы).

Өзгелердің жаңалығы