Ертең елордадағы бірнеше көше уақытша жабылады

13 Шілде 2019, 10:02
1913
Бөлісу:
Ертең елордадағы бірнеше көше уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең 14 шілдеде екінші рет Нұр-Сұлтанда триатлоннан - BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA өтеді. Жарыстарды өткізу кезінде елордада автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін - Б. Момышұлы даңғылынан бастап Тоқпанов көшесі бойымен Сарайшық көшесіне дейін жолдың 2 жолағы.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Сарайшық көшесі бойымен Б. Момышұлы даңғылынан бастап Марал көпіріне дейін жолдың 2 жолағы.

Сағат 03:00-ден 16:00-ге дейін - Марал көпірі Шарль де Голль көшесі бойымен жолдың 2 жолағы екі жаққа.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Мақатаев көшесі бойымен Марал көпірінен бастап Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін – толықтай жабу.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін –Анырақай көшесі бойымен Керей мен Жәнібек хандар көшесінен бастап Оңтүстік айналма жолға дейін - толықтай жабу.

Дәл сол уақытта – Оңтүстік айналма жолы бойымен Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолынан бастап әуежайға дейін жолдың 2 жолағы, тасжолың ішкі бөлігі шектелетін болады.

Осыған байланысты автокөлік иелерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауларын сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы