Бас жаңалықтар
Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады
17 Қараша 2019, 17:43 334

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.  Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Тек республиканың солтүстігі мен шығыс бөлігінде кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, жаяу бұрқасын, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.  

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...