Ертең Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталады

25 Маусым 2020, 23:38
1117
Бөлісу:
Ертең Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең сағат 9.00-де, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай онлайн-марафон өтеді.


Іс-шара аясында бұқаралық ақпарат құралдарының еңбек сіңірген өкілдеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгілері мен Құрмет грамоталарын табыстау өтеді.

Жас журналистерді қолдау және олардың қызметін ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызды тақырыптармен айналысатын БАҚ-тың жұмысы аясында белгілі қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" журналистикалық сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болады.

Еске сала кетейік, байқаудың басталуы 2020 жылдың 26 мамырында жарияланды. 


Өзгелердің жаңалығы