Ертаевтың экс-көмекшісі экстрадицияланды

1 Маусым 2019, 11:11
2227
Бөлісу:
Ертаевтың экс-көмекшісі экстрадицияланды

Алматы, BAQ.KZ. Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы кеңесшісінің экс-көмекшісі Айдос Құсайыновты Украинадан экстрадициялады.

"А.Б.Құсайынов, 2013-2018 жылдар аралығында банктің ақшалай қаражаттарын Ж. Ж. Ертаевпен және басқа да тұлғалармен сөз байласу арқылы 26,3 млн. теңге және 1,7 млн. АҚШ долларын жымқырды деген күдікке ілінді. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланады. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған" - делінген Алматы қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда, А. Б. Құсайынов Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы