Ерниязова: Енгізілген шектеулер – халыққа көрсетілген қамқорлық

3 Шілде 2020, 19:25
1732
Бөлісу:
Ерниязова: Енгізілген шектеулер – халыққа көрсетілген қамқорлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енгізілген шектеулер – халыққа көрсетілген қамқорлық, деді "Волонтерлер лигасы" қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Президент карантинді қатаңдату шараларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Ол бойынша мемлекеттік комиссия шешім қабылдады. Неліктен? Өйткені, біздің елімізде төтенше жағдай мен карантин ұғымдары арасындағы айырмашылықты барлығы түсіне бермейді. Барлығы шаршады, түсінемін. Мен бұл туралы бірнеше рет жаздым, - деді Айсұлу Ерниязова.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдерге сөгіс жариялап, ескерту жасады. Себебі, олар тұрғындар үшін жауапты. 
Бірақ бұл - барлығымызға жасалған ескерту. Бұл - бізге көрсетілген қамқорлық. Сондықтан шектеулерді күшейтуге түсіністікпен қарау керек. Бұл - біз өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамау үшін, әсіресе, бізді қоршаған басқа адамдардың денсаулығына еркімізбен не білместен зиян келтірмеу үшін енгізілген шаралар. Проблемалар шешуін табады, біз бәрін жеңеміз. Біз бір-бірімізге жауаптымыз, - деді Ерниязова. 
Айта кетейік, Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Өзгелердің жаңалығы