Ернар Күлпейісов: Барлығы тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс
5 Қаңтар, 18:49 86

Ернар Күлпейісов: Барлығы тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов топтасып жиналмай, елдің болашағы туралы ойлануға шақырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрші елдердің тәжірибесі бүгінде еліміздің бірнеше өңірін қамтыған митингілер мен демонстрациялар қарапайым халыққа оң нәтиже бермегенін дәлелдеді. Бүгін үрейге бой алдырып, арандатушылық тудырмау қажет. Сонымен қатар жазықсыз адамдардың зардап шегуіне жол бермеу керек. Бәрін жақсы ойластыратын уақыт келді. Қазақстанның үш өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілген осы күрделі сәтте Мемлекет басшысын қолдауымыз қажет. Президент өзінің үндеуінде атап өткендей, ол біздің азаматтарымыздың парасаттылығына үміттенеді және ішкі және сыртқы арандатушылыққа, митингіде бассыздыққа бой алдырмауға шақырады, – деді ӨКП басшысы бизнес-қоғамдастыққа және облыс тұрғындарына.

Ол кейбір өзгерістер қажет деп санайды, бірақ бәрі сындарлы диалог арқылы бейбіт жолмен шешілуі керек.

Наразылық білдірушілер көтерген мәселелер мен проблемалар орынды. Оларды ел Президенті естіді және жақын арада оларды шешудің мүмкін жолдары қаралатын болады. Елдегі экономикалық тұрақтылыққа саяси тұрақтылық жағдайында ғана қол жеткізуге болады, – деді Ернар Күлпейісов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...