Ермекбаев Қырғызстан елшісімен кездесті

31 Қаңтар 2019, 09:13
1926
Бөлісу:
Ермекбаев Қырғызстан елшісімен кездесті

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Күлубаев Женебек Молдокановичпен кездесті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар қорғаныс, жауынгерлік даярлық, аймақтағы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екі жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ әскери білім беру саласындағы кадрлар даярлауды талқылады.


Өзгелердің жаңалығы