Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

25 Тамыз 2021, 21:25
7965
Бөлісу:
Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының аумағында өтетін Армиялық халықаралық ойындарды ресми түрде ашық деп жариялады.

Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

Қорғаныс ведомствосының басшысы конкурстарға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Армиялық халықаралық ойындарды өткізу ауқымы ірі әлемдік біріншілікпен бір деңгейде екенін атап өтті.

Армиялық ойындардағы сайыстар – бұл нысананы зақымдауда дәлдік пен мергендікті, әртүрлі қаруды меңгеруде шеберлікті, мінсіз дене дайындығы мен төзімділікті, әскери техниканы басқарудағы сенімді дағдыларды көрсету. Армия ойындары әскери қызметшілерді бейтаныс жерде, психоэмоционалдық шиеленіс жағдайында әрекет етуге мәжбүрлеумен де қызықты, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

Жеті жыл ішінде Армиялық халықаралық ойындарға қатысушы елдердің саны 17 мемлекеттен 44-ке дейін екі еседен аса артты. Конкурстардың барлық кезеңі қазіргі заманғы шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған.

Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

Армиялық ойындардың жауынгерлік машықты арттырудағы маңызын атап өткен генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев:

Әскери қызметшілер оқу-жаттығу полигондарында немесе жарыстар уақытында нақты және үйлесімді әрекет етсе, онда олардың кемінде 80%-ы жауынгерлік жағдайда да дәл осылай әрекет ететінін өз ісін жете меңгерген кәсіби әскерилер жақсы біледі, – деді.

Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

Биыл Жамбыл облысындағы 40-әскери базаның аумағында армиялық ойындардың 2 конкурсы – минаатқыштар есептоптары арасындағы «Артиллериядан оқ ату шебері» және ҰҰА мамандарының «Сұңқар аңшылығы» сайыстары өтеді. Қазақстан жауынгерлері әскери сайыстарда әрдайым жоғары нәтижелер көрсетіп, осы конкурстарда ұдайы алда болып келеді.

Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

Ойындарға қатысу үшін «Мәтібұлақ» полигонына 8 елден артиллеристер және 4 мемлекет армиясынан ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптары келді. Конкурстарға 3 елден келген өкілдер бақылаушы ретінде қатысады.

Әскери қызметшілер ұрыс даласында емес, спорт сайыстарында күш сынасуы прогрессивті жол. Қазақстандық армия елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға қабілетті деп нық сеніммен айта аламын. Агрессордың әлеуеті өте қуатты, заманауи әскері болғанның өзінде, түрлі тұрақты емес әскерилендірілген құрамаларды айтпағанда, кем дегенде айқын, ауыр асимметриялық соққы беруге қабілеттіміз. Даярлықты жоғары деңгейде ұстау үшін ұдайы жаттығамыз. Әрі қазақстандық армия жүйелі түрде жетілдірілуде, – деді қорытынды сөзінде генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Ермекбаев «АрХО – 2021» конкурсына қатысушыларды құттықтады

Ел аумағында өтіп жатқан Армиялық халықаралық ойындар биыл 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы