Ермек Келемсейіт: Нұрсұлтан Назарбаев – әлем мойындаған тұлға

23 Наурыз 2019, 14:59
3614
Бөлісу:
Ермек Келемсейіт: Нұрсұлтан Назарбаев – әлем мойындаған тұлға

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Талай қилы заманды басынан кешірген қазақ елі тәуелсіздік жылдарында биік белестерді бағындырды. 

Қазақстанның бүгінгі табысын сақтап қалып, еселеу үшін – ауызбіршілік қажет. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Ермек Келемсейіт елімізде болып жатқан жаңалықтар жайында пікір білдірді.

«Қазақ халқының тарихын парақтасақ, соғыс, репрессия, бірін-бірі қудалау сынды оқиғаларға толы. Соның барлығын басымыздан кешіре отырып, бүгінгі дәрежеге жеттік. Енді іргелі ел атанып, тереземіз теңесіп, әлемге белгілі болдық. Жақсы қырымыздан көрініп, айбынды астана салдық. Оны «Нұр-Сұлтан» деп атау, заңды құбылыс. Елбасының Қазақстан үшін сіңірген еңбегі ерен. Бүгінгідей жауапты уақытта арамызда тағы ши шығып жаста, өзімізге сын. Қазақ «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» дейді. Жақсымызды асырып, жаманымызды жасырып ел екенімізді білдіру керек. Бізге әлем көз тігіп отыр. Осы сәтте ел екенімізді, ауызбіршілігімізді көрсете алмасақ, қасықтап жинаған беделімізден айрыламыз. Осы жағынан ойлану керек. Нұрсұлтан Назарбаевты біз ғана емес, түркі әлемі мойындады. Түркияның астанасы Анкарада ескерткіші орнатылды. Басқа мемлекеттерде де оған зор құрмет көрсетіліп жатыр. Осының өзі көп жайды аңғартады. Өзімізді өзіміз құрметтемесек, бізді ел сыйаламайды. Қызғаншақтық сынды жағымсыз қасиеттен арылуымыз керек. Осы уақытқа дейін бір-бірімізді түрткілеп, бір-бірімізді теріс жағынан көрсетіп келдік. Енді қазақтың оянатын, арғы-бергісін ойлап түсінетін, соған терең бойлап, мән беретін шағы жетті. Кемшіліксіз адам болмайды. Осындай сәтте бір-бірімізден кемшілік іздемей, бүгінгі жеткен дәрежемізге қалай келгенімізді еске алуымыз керек», - деді Ермек Әбілмәжінұлы.

Өзгелердің жаңалығы