Ермахан Ыбрайымов: Қасым-Жомарт Кемелұлынан үлкен үміт күтеміз

19 Маусым 2019, 09:49
2247
Бөлісу:
Ермахан Ыбрайымов: Қасым-Жомарт Кемелұлынан үлкен үміт күтеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне қатысты өз ойын білдірді.

Ол жаңа Президенттің алдағы уақытта спортшыларға жаңа тапсырмалар жүктейтініне сенімді.

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлынан біз үлкен үміт күтеміз. Біз спортшылар мықты олимпиада болатын шығар деп ойлаймыз, ол кісі біздің алдымызға жаңа тапсырмалар қоятын шығар. Сондықтан да спорт саласы болсын, мәдениет саласы болсын, қай салада болмасын Қазақстан алға ұмытылады деген ойдамын" - дейді Ермахан Ыбрайымов.

Өзгелердің жаңалығы