Ерлікке тағзым

14 Қыркүйек 2020, 19:23
1375
Бөлісу:
Ерлікке тағзым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Орталық мұражайымен бірлескен меморандумға қол қойды.

Халықаралық музейаралық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою рәсімі Ресей Қарулы Күштері Орталық мұражайының Жеңіс залында өтті. Меморандум аясында Ұлттық әскери-патриотық орталығының бастығы Орынбасар Қарабаев пен Орталық музей директоры Александр Никонов экспозициялық-көрмелік, рухани-адамгершілік және мәдени-ағартушылық қызметті дамытуда жан-жақты шығармашылық өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.

Бұл құжатпен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен РФ ҚК Орталық мұражайы, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен көптеген ғасыр бойғы елдердің ортақ тарихын тағы да растай түсті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандықтардың, аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының жауынгерлік жолы туралы материалдарды Мәскеу шайқасының 80 жылдығына және Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында КСРО астанасын қорғаған жауынгерлерді мәңгі есте сақтауға арналған фотоқұжаттық көрмесін қалыптастыруға қатысу туралы келісті.

Өзгелердің жаңалығы