Оралда пәтерден ерлі-зайыптылардың денесі табылды

4 Қазан 2019, 10:01
8633
Бөлісу:
Оралда пәтерден ерлі-зайыптылардың денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласы Гагарин көшесіндегі 3 қабатты үйдің пәтерінен ер адам мен әйелдің денесі табылды. Бұл туралы mgorod.kz сайтында хабарланды.

Орал қалалық полиция бөлімінің бастығы Мирлан Айкенов өлімнің зорлық-зомбылыққа жатпағанын атап өтті, бірақ өлімнің нақты себептері сараптамадан кейін белгілі болады.

«2 қазанда түнгі сағат 23:00 шамасында пәтерден 52 жастағы әйел мен 54 жастағы ер адамның денелері табылды. Мәйіттер пәтерде шамамен 10 күн бойы жатқан. Отбасының жағдайы нашар болған», - деді Мирлан Айкенов.

Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыптылар жиі ішімдік ішкен. 

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы