Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-те жеке аккаунты пайда болады

28 Қыркүйек 2020, 11:16
1668
Бөлісу:
Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-те жеке аккаунты пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунты ашылады. Бұл қадам полицияның ашық әрі қолжетімді болу процесіне үлес қосады деген сенімдеміз, - деді Нұрділдә Ораз. 
Министр әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы көрсеткішті одан сайын жақсартатынына үмітті екенін жазды.

Құрметті отандастар! Бүгіннен бастап мен әлеуметтік желіге қосылдым. Бұл қадам – ішкі істер органдарын реформалауда қажетті құралға және полиция мен қарапайым азаматтар арасындағы «алтын көпірге» айналатынына сенімім мол. Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет -  халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін. Қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. 

Сондай-ақ ресми өкіл учаскелік инспекторлар үшін жеке алгоритм әзірленгенін айтты. 
Мемлекет басшысы өз Жолдауында учаскелік полицейлердің мәртебесін арттыру туралы айтқан болатын. Осыған орай ІІМ ЕЫҚҰ жанындағы кеңсенің мамандарымен бірігіп учаскелік полицейлердің қалай тиімді жұмыс істеуі туралы ережелері бар жинақтаманы әзірледі, - деді ол.  
Нұрділдә Ораздың айтуынша, ІІМ ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірігіп, іздеу шараларын жүзеге асырды. 
Іздестіру барысында Қазақстан полициясы достастық елдерінде бой тасалап жүрген 93 азаматты ұстады. Сондай-ақ осы уақытқа дейін жоғалып кеткен 89 адам анықталды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы