Бас жаңалықтар
Ерлан Серікжанов Мароккодағы Гран Приде жүлдегер атанды
09 Наурыз 2019, 10:10 278

Ерлан Серікжанов Мароккодағы Гран Приде жүлдегер атанды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Қазақстанның дзюдо федерациясы хабарлады. 

Ол жұбаныш финалында өзбекстандық қарсыласы Шахрам Ахадовты ұтты. 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Ерлан жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті. 

Алғашқы қарсыласы испаниялық Даниель Перез Романды иппонмен екінші белдесуінде сербиялық Страхиния Бунцикті жеңді. Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда мысырлық Әбделмаугоуд Мохамедке есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. 

Мароккода өтіп жатқан дзюдодан Гран При жарысына 71 елден 487 дзюдошы тіркелген болатын. Жарысқа Қазақстан құрама командасынан 19 дзюдошы қатысуда.

Сізден жаңалық