Саиров: Бұл – еліміздің саяси жүйесін революциялық тұрғыда бағыттайтын заңның бірі

20 Мамыр 2020, 16:48
1830
Бөлісу:
Саиров: Бұл – еліміздің саяси жүйесін революциялық тұрғыда бағыттайтын заңның бірі
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Мәжіліс залында қабылданған митинг туралы заңға байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров өз пікірін білдірді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған мемлекеттік концепциясы аясында осы заң жобасы қабылданып отыр. Бұл заң бойынша көптеген талқылау мен жан-жақты пікір болып жатыр. Осы орайда, бүгін Мәжіліс заң жобасына өзінің өзгерістерін енгізіп, қайтадан Сенатқа қайтарды. Бірталай өзгерістер енгізілді, - деді Ерлан Саиров.

Сонымен қатар, ол бұл заң жобасының бүгінгі таңда халық арасында талқылау жағынан да, сонымен бірге осы заңды пайдалану кезіндегі қолайлылығы жағынан да ең дұрыс бағдардың бірі екенін атап өтті.

Сенат депутаттары бұл заңды қолдануды қолайлы жағынан қарастырды. Мысалы, заңда Нұр-Сұлтан қаласында митинг өткізетін арнайы 12 орын болады. Сонымен бірге, митинг өткізуші ұйымдардың жауапкершілігі туралы айтылды. Ол митинг адам өміріне қауіп төндірмеуі, көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі, тағы да сондай зиянын тигізбеуі тиіс. Сонымен қатар, негізгісі журналистердің жұмыстарына кедергі келтірмейді, - деді төраға орынбасары.

Бұдан бөлек, Ерлан Саиров бұл заң бүгінгі таңда біздің еліміздің саяси жүйесін революциялық тұрғыда бағыттауға арналған заңдардың біреуі болып табылатынын айтты.

Бұған дейін түзетілген митинг туралы заң жобасы Сенатқа жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы