Ерлан Қарин: Маңғыстауда жағдай тұрақталды
10 Қаңтар, 07:55 224

Ерлан Қарин: Маңғыстауда жағдай тұрақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақты екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Биылғы 4-8 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында болдым. Онда ахуалды тұрақтандыру жөніндегі өңірлік штабтың жұмысын үйлестіруге атсалыстым. Аймақтағы ахуал қазір тұрақты. Мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің барлығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары жағдайды толық бақылауда ұстап тұр. Қоғам белсенділерінің арқасында билік пен наразылық білдірген азаматтардың арасында конструктивті диалог орнықты. Осы өңірде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) әскері орналасқан деген қауесет шындыққа жанаспайды. Облыстағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге өз еліміздің қарулы күштерінің және Ұлттық ұланның бөлімшелері ғана жұмылдырылған - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...