Ерлан Қошанов заңсыз ойын автоматтарына қатысты мәселені шешуді талап етті

13 Мамыр 2019, 14:45
1966
Бөлісу:
Ерлан Қошанов заңсыз ойын автоматтарына қатысты мәселені шешуді талап етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Твиттердегі жеке парақшасына тұрғындар тарапынан ойын бизнесіне қатысты жасалған шағымдарды қарастырды. Өңір басшысы Экономикалық тергеу департаментіне дүкендерде орнатылған автоматтарға ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Менің Твиттердегі аккаунтыма Қарағандының бір тұрғыны дүкендерде ойын аппараттарын жиі орната бастағаны туралы жазған болатын. Бұл өте маңызды мәселе. Құмар ойындар әлеуметтік дерт екені баршаға мәлім, себебі ол көптеген отбасыларды қайғылы жағдайға алып келеді. Ең бастысы, бұл жерде заңсыз қызметтің өркендеп кетпеуі маңызды», - деді Ерлан Қошанов аппарат жиналысында.

Облыс әкімі тұрғын тарапынан келіп түскен шағымда 45-ші кварталда орналасқан «Лото клуб» туралы сөз болғанын нақтылады.

«Экономикалық тергеу департаменті басшысының м. а. Дәулет Татубаевтың айтуынша, осыған дейін тексерулер жүргізіліп, ешқандай заңбұзушылықтар анықталмаған. )азірдің өзінде тексеру жүргізілген жоқ. Мекеме иелерінде лоторея билеттерін сатуға лицензиясы бар екені және ол жерде ойын автоматтары болмағаны анықталды», - дейді Дәулет Татубаев.

Депаратаменттің мәліметіне сәйкес, облысымызда жеті «Лото клуб» жұмыс істейді.

Ерлан Қошанов бұл мәселеге мұқият қарауды талап етті.

«Әлеуметтік желілерде осы тақырыпты көтерген адамдарды табыңыздар, олармен бірге барлық нысандар бойынша жүріңіздер, егер олар заңбұзушылықтар туралы білсе, көрсетсін», - деп тапсырды облыс әкімі департамент басшылығына.

Қарағанды облысында жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін үш қылмыстық іс қозғалып, 125 ойын автоматы тәркіленді. 2017-2018 жылдары 19 адам қылмыстық жазаға тартылды.

Айта кету керек, қылмыстық жауапкершілік тек ойынды ұйымдастыру үшін ғана емес, заңсыз ойын автоматтарын орналастыруға орын бергені үшін де қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы