Ерлан Ысқақов ҚР СІМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

5 Мамыр 2021, 04:44
1927
Бөлісу:
Ерлан Ысқақов ҚР СІМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Ысқақов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты ҚР СІМ растады.

Ерлан Ысқақов 1971 жылы 8 қазанда дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1988-1993); экономист.

Дипломатиялық дәрежесі: I-сыныптағы кеңесші

Еңбек өтілі:

- Ұлттық банктің жетекші маманы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және экономикалық байланыстар департаментінің көмекшісі, атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1993-1998);

- ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі, Гаванадағы консулы, (1998-2002);

- Инвестициялар жөніндегі комитет хатшылығының меңгерушісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің бастығы (2002-2006);

- Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің кеңесшісі (2006-2007);

- Ақпарат басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (2007-2008);

- "METRO Cash & Carry Қазақстан" компаниясы бас директорының орынбасары (2008-2014);

- Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесшісі-министрі (2014-2017);

- ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары (2018-2019);

- ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі (05.2019 бастап).


Өзгелердің жаңалығы