Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

20 Тамыз 2019, 13:05
1759
Бөлісу:
Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова жаңа Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинді «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына таныстырды.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Нұргүл Мауберлинова Алан Әжібаевқа жемісті жұмысы мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді және жаңа жұмысында сәттілік тіледі. 

Ерлан Бекхожин өзінің еңбек жолын Қазақ радиосының «Панорама дня» бағдарламасының жүргізушісі ретінде бастады. Осы жылдар ішінде ол қазақ телевизиясының ақпараттық бағдарламаларында комментатор, бас редактордың орынбасары ретінде қызмет атқарды. 

1994 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде «Жеті күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі болып жұмыс істеді. 

2003-2009 жылдары «Литер Медиа» ЖШС бас директоры. 

2009 жылдан бастап ҚР Президенті телерадио кешенінің бас директоры лауазымында болды.

Өзгелердің жаңалығы