Еркін күрестен екінші қазақ балуаны финалға шықты

20 Қыркүйек 2019, 17:10
2957
Бөлісу:
Еркін күрестен екінші қазақ балуаны финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен екінші қазақ балуаны финалға шықты.

70 келідегі Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда Иранның үміті Йонес Эмамичогаймен жолықты. Аса тартысты өткен белдесуде жеңімпаз тек соңғы сәтте анықталды. Отандасымыз бұл жекпе-жекті 7:6 есебімен аяқтады.

20 жастағы балуан оның алдында аустралиялық Джошуа Райлиді 10:0 есебімен жеңген. Ширек финалда  Ұлыбританиядан келген балуанды 10:0 есебімен ұтты (Cojocaru N).

Қайпанов енді ертең финалда бас жүлде үшін таласады.

Айта кетейік, еркін күрестен кеше 65 келідегі Дәулет Ниязбеков те финалға өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы