Бас жаңалықтар
Еркебұлан Шәріпханов. «Қайнар қасіреті». Рымғалидың орындалмай қалған өсиеті
Сұхбат
15 Шілде 2021, 16:00 417

Еркебұлан Шәріпханов. «Қайнар қасіреті». Рымғалидың орындалмай қалған өсиеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еркебұлан Шәріпханов – ШҚО Абыралы ауданының бұрынғы әкімі. Бозоқ қалашығынан Жидебайға дейінгі сапарымызда бізді Қайнар ауылынан күтіп алып, Тоқтамыс ауылына дейін жолбасшы болып барған еді.

Жер ұзақ, жол ұту үшін түрлі тақырыпта әңгіме өрбиді. Осыны пайдаланып Еркебұлан Хамитұлын біраз сөзге тарттық. Абыралы, Қайнар, Дегелең өңірлеріне қатысты біраз жайттың куәсі болдық.

- Еркебұлан Хамитұлы, жаңа Қайнар ауылынан шығаберісте бір монументті көзіміз шалды. Естуімізше Қайнардың 42 азаматына қойылған ескерткіш дейді...

- 1953 жылы 29 тамызда осы біздің өңірде сутегі бомбасы сынақтан өткізілді. Ол қазіргі Дегелен тауының маңындағы «Темір қақпа» деген жерде атылған деп айтылады. Мөлшермен Қайнар ауылынан ұзаса 70 шақырым жерде. Үлкендерден естуіміз бойынша, сол сынақ жасалатын кезде осы Абыралы ауданының халқын кемінде 200 шақырым жерге, сынақ алаңынан аулаққа көшіріпті. Оңтүстік жақтағыларын – Шұбартау ауданына, солтүстігін – Павлодардың Май ауданына, шығысын – Абай ауданына, батысын – Қарқаралыға деген секілді. Бұл төңіректе ел қалдырмаған.

Ал жаңағы монумент тұрған жерге Қайнар ауылынан белсенді деген жас жігіттерден 42 адамды қалдырады. Алайда оларды «сынақ қояны» ретінде қалдырғандарын айтпайды. «Сендер осында боласыңдар. Осындай жерден бомба жарылады, соны бақылайсыңдар, қалай болғанынан хабар бересіңдер» деп лагерь құрып, байланыс құралдарын, тамағын, керек-жарағының бәрін, тіпті арақ-шарабына дейін берген деп айтады. Сол 42 жігіт - сынақ полигонының құрбандары. Монумент солардың құрметіне қойылған.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.


Фото: автордан
Загрузка...