Еріктілер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңызы туралы буклеттер таратты

18 Сәуір 2021, 13:48
1946
Бөлісу:
Еріктілер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңызы туралы буклеттер таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық волонтерлер сауда, ойын-сауық орындарында коронавирусқа қарсы екпенің маңызы жөнінде 1000 ақпараттық буклет таратты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша волонтерлер жұртшылықты вакцинациядан өтіп, пандемияны бірлесе тоқтатуға шақырды.

Еріктілер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңызы туралы буклеттер таратты

Волонтерлер «Хан Шатыр», «Керуен», «Keruen City», «Сарыарқа» ойын-сауық орталықтары мен «Астаналық» базарында ақпараттық буклеттер таратты. Осы арқылы халықты екпе жайлы көбірек сауаттандырып, вакцина салдыруға ынталандырғымыз келді. Вакциналаудан өте отырып біз тек өзімізді емес, отбасымызды, жақындарымызды және айналадағы адамдарды да коронавирустан қорғауға көмектесеміз, – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

«Астана жастар» жастар ресурстық орталығының және қалалық волонтерлер штабының волонтері Арайлым Сапарәлінің айтуынша, алдағы уақытта да қоғамдық жерлерде ақпараттық буклет тарату жалғасады. 

Еріктілер елорда тұрғындарына вакцинацияның маңызы туралы буклеттер таратты

Бұл шараға кез келген тұрғын волонтер ретінде атсалыса алады.

Өзгелердің жаңалығы